$ 511.18  530.6  5.28

АҚШ-тағы орман өртінен бес адам қаза тауып, қымбат үйлер жанып кетті (ВИДЕО)

Орман өрті Голливуд символын шарпыды.

Фото: BBC
Фото: BBC

Лос-Анджелесте күшті өрт әйгілі жазбаға дейін жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі Hollywood жазбасы өртке оранды. Бұл Американың бүкіл киноиндустриясының бетбейнесіне айналған белгі екендігі белгілі.

АҚШ-тың федералды авиация басқармасы өрт аймағына ұшуға тыйым салды. Атап айтқанда, атақты Палисейдс ауданы мен Малибу жағажайында орналасқан Голливуд белесіне баруға рұқсат жоқ.

Соңғы деректерге қарағанда, өрт салдарынан Лос-Анджелесте бес адам қаза тапқан.

Өрт аумағында Камала Харристің резиденциясы, сондай-ақ Бен Аффлек, Том Хэнкс сынды актерлер мен әнші Рианнаның үйі қалғаны айтылуда.

Малибуда әнші Пэрис Хилтонға тиесілі үйлердің бірі толығымен өртеніп кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары