ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Бүгін таңертең Ақмола облысы Көкшетау қаласында екі қабатты облыстық ғылыми кітапхананың ғимаратында, бірінші қабатында кітаптары бар сөрелер өртенді.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілді. Жану жедел түрде 10 ш.м алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда», – делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.