09.01.2025, 16:20

9 жасар қыздың ішінен «жын шығарған» емшінің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Емшінің жеке басы мен баланың тұрып жатқан жері алдын ала анықталды.

Әлеуметтік желіде атыраулық емшінің кәмелетке толмаған балаға «жын шығару» рәсімін жасаған сәті түсірілген видео тарап, кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан атыраулық Кейқуат Оспанов есімді емшінің 9 жастағы қызға осы рәсімді өткізіп жатқанын көруге болады.

Бұл бейнежазбаға құқық қорғау органдарының назарын аударып, тергеу жұмыстары басталды.

Осы оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікірін білдірді. 

«Аталмыш іс бойынша Ішкі істер министрлігімен, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың тұрып жатқан жері алдын ала анықталды», – деп жазды Динара Закиева желідегі парақшасында.