09.01.2025, 16:40

Елімізде 1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттамақ

Фото: piхabay

Оны 22 қаңтарға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жариялады.

Енді бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның 36 энергия өндіруші ұйымы электр энергиясының шекті тарифтерін түзетуге өтінім берген.  Сондай-ақ үш жаңа компания энергия өндіруші ұйымдар тізіміне кіру үшін жаңа тариф енгізуді ұсынған. Осылайша Энергетика министрлігі шекті тарифтерді көтеру бойынша бұйрық әзірледі. Яғни, бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін.

Оны 22 қаңтарға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жариялады.

Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат – мамандардың жалақысын арттыру. Сондай-ақ энергетика саласындағы кадр тапшылығы мен жанармай бағасының өсуі себеп болған.