$ 526.81  542.72  5.16

Биылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің табысы ресми сайтта жарияланады

Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл отандық БАҚ-қа берген жауабында айтқан. 

Фото: ura.ru
Фото: ura.ru

Ол аталған талап жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында енгізілгенін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Яғни, мемлекеттік қызметкерлердің табыс декларациясы биылдан бастап жариялануы тиіс. Вице-министрдің сөзінше, 2023 жылға арналған декларациялар әр мемлекеттік органның ресми сайтына шығады. Бұл қадам арқылы мемлекеттік қызметтегі ашықтықты көрсетуге болады. 

– Әр органның сайтында тиісті бөлім жасалады, онда мемлекеттік қызметкерлердің табыс және мүлік туралы мәліметтері көрсетіледі. Биыл тек 2023 жылғы декларациялар жарияланады, – деп жауап берген Д.Кеңбейіл.

Декларациялардың ашық болуы мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығынын бақылау, заңбұзушылықтардың алдын алу үшін енгізіліп отыр. Сондай-ақ, бұл тәсіл арқылы азаматтар мемлекеттік органдардың жұмысын бақылай алады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары