$ 524.75  540.6  5.12

Павлодарлық хирургтер 10 жастағы қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты

Отадан кейін баланың жағдайын тұрақтандыру үшін оны реанимация бөліміне бірнеше күнге жатқызды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты. Ота бір жарым сағат уақытқа созылды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел жәрдем жасөспірімді шұғыл түрде тамақ ішкеннен кейін іштің ауыруы, құсу, асқазан аймағында ісік пайда болуы шағымдармен облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 10 жастағы қыздың асқазан-ішек жолдарында уыс шаш табылды.

"Асқазан мен он екі елі ішектен тамақпен араласқан шаш уыс алынып тасталды. Ота тұрақты және асқынусыз өтті", - деді хирург Әсем Дәулетова.

Отадан кейін баланың жағдайын тұрақтандыру үшін оны реанимация бөліміне бірнеше күнге жатқызды.

Мұндай трихобезоар – органдарда шаштың жиналуы – созылмалы күйзеліске ұшыраған немесе витамин тапшылығы бар адамдарда пайда болуы мүмкін.

Психолог Айнагүл Шүкірованың пікірінше, балалардың мұндай мінез-құлқының басты себебі – жақындарынан алыстау, қорқыныш, күйзелістік жағдайлар кезіндегі алаңдаушылық, мысалы, ата-анасының ажырасуы немесе жақын адамынан айырылу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары