12 қазан түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті.
Былтыр Ішкі істер министрлігі Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын хабарлаған еді. Алайда Ішкі істер министрлігі бұл іс бойынша тергеу жұмыстары қазіргі уақытта да жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
«Алматы облысының Полиция департаментінде Талғарда кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Одан бөлек ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша қосымша 8 қылмыстық іс тіркелді. Істің 11 қатысушысына қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», — делінген ІІМ-нің жауабында.
Еске салайық, бұған дейін 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен бір жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз.
Ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты.
Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс ерекше бақылауға алынғанын ресми түрде хабарлады.
12 қазан түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
Прокуратура соттың ашық өтуін сұрайтындарын жеткізді.