10.01.2025, 13:40

ҰҚК Ішкі істер министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігін ұстады

Фото: qazaqstan.tv

Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа мәліметтер жария етуге болмайды.

Желіде Ақтаудағы Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығының ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдейді. Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес басқа мәліметтер жария етуге болмайды», – деді департамент өкілдері.