Не сабын, не қағаз да жоқ.
Әлеуметтік желіде aii_official есімімен танымал Айгерім Абдуллаева Халыққа қызмет көрсету орталығының дәретханасын сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Неге осы ХҚКО, жалпы құжат жасайтын органдардың дәретханасы сұмдық боп жатады? Соңғы рет тазалықты қашан көргені белгісіз?! Егер мен осы орталықтың басшысы болсам бірінші әжетхананы тазалайтын едім. Не қағаз жоқ, не сабын жоқ. Сұмдық қой бұл”, - деп ашуланды блогер.
Айта кетейік, блогер Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орындарының біріндегі жағдайды көрсетті.