Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Қостанайда өгей әкесі 16 жастағы баланы өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Данияр Нұрғалиев 16 жаста болған. Отбасының досының сөзінше, марқұмның анасымен бірге тұрған ер адам баланы өлтірді деген күдікке ілінген.
"Бала анасын қорғаймын деп, жүрегіне пышақ жарақатын алған", – деді ол.
Данияр былтыр Қостанай қаласындағы №8 орта мектептің 9-сыныбын бітірген.
“Полицейлер кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, күдікті ұсталды. Алдын ала ақпарат бойынша, мас күйіндегі күдікті жанжал кезінде марқұмды пышақтап тастаған. Тергеу барысы Қостанай қаласының полиция бөлімі мен прокуратурасының басшылығының бақылауында”, – делінген полиция басқармасының хабарламасында.