$ 444.22  476.38  4.82

Астанада Алматы ауданының мыңдаған үйлері жылу беру маусымына дайын

Алматы ауданының мыңдаған үйлері жылу беру маусымына дайын. 2014-2015 жылу беру маусымында бекітілген кестеге сай аудандағы 1035 үйдің 1003 жылу беру маусымына толығымен дайын, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабаралуынша, қазір елорданың үш ауданында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы 2120 тұрғын үйдің 1994 әзірлік жұмыстары аяқталды. Оның ішінде шатырлар жөнделіп, жылумен қамтамасыз ететін желілер ауыстырылды. Жылу алмастырғыштар, жалпы тұрғын үйлік жылу мен суды есептейтін құрылғылар жаңадан орнатылыпты. Сумен жабдықтау, электр жүйесі жөнделді.

Қаладағы әлеуметтік нысандар да жылу маусымына дайын. Оның ішінде елордадағы 71 мектеп те бар.

— Қазіргі жағдайда мектепке дейінгі және денсаулық мекемелері қысқа дайын, — дейді аудан әкімдіктері.

Одан бөлек, «Астана Теплотранзит» АҚ инвестициялау бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердегі 255 жылу есептегіш қондырғының 254 жаңартылды. Бұл қала қажеттілігінің 99 % құрайды. Сондай-ақ, «Астана Су арнасы» МКК инвестициялау бағдарламасы бойынша су есептегіш 38 қондырғының 31-і орнатылды. Ол қала қажеттілігінің 82 % құрайды.

Еске сала кетейік, 2013-2014 жылғы жылу беру маусымы кедергісіз өтті. Электр энергиясы, жылу беру, суық және ыстық су беруде барлық технологиялық параметрлер сақталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары