13.01.2025, 11:40

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды

Фото: ult.kz

Сот актісі заңды күшіне енді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде ағынды суды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтауға байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Соттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапқа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды. Аталған факт бойынша 2024 жылы 11 желтоқсанда компания қосымша әкімшілік жауапқа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.