Емтихан сессиясын "өте жақсы" тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.
Ғылым және жоғары білім министрлігі осы жылы 1 қыркүйектен бастап елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап:
бакалавриат – 52 372 теңгеге дейін; педагогика және медициналық бағытында білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін; магистранттарға – 117 098 теңгеге; докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.Емтихан сессиясын "өте жақсы" тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.