14.01.2025, 13:20

Павлодардағы пансионатта мүгедектігі бар зейнеткерлерді ұрып-соққан

Фото: ekaraganda

Сондай-ақ пансионат қызметкерлері ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.

Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Прокуратураның ақпаратынша, пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.

«Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген хабарламада.