15.01.2025, 11:20

«Шейхтар секілді өмір сүреміз, бір әйелге 4 еркектен келеді»: Қатардағы қазақ қыздары шетелдікке тұрмысқа шығу туралы айтты

Фото: видеодан алынды

Тазалықты, имандылықты, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты арабтардан үйренуге болады. 

Қазір Қатар елінде өмір сүріп жүрген қазақ қыздары жетерлік. Олар шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығу туралы ойын ашық айтты. Бұл туралы Sкifnews.kz ақпарат порталы «Жалғыз жолаушы» Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Қатарда тұратын Нұршат есімді қазақ қызы Ол шетелдікке тұрмысқа шығуға қарсы емес.

«Қазақстанда халықтың көбі айлықтан айлыққа дейін өмір сүреді. Олай болғанын қаламағандықтан келдім. Бізді арабқұлдар деп атайды. Бірақ арабтар сияқты болып алыңыздар деп айтқым келеді. Тазалықты, имандылықты, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты арабтардан үйренуге болады. Жасым қазір 30-ға келді. Бұрын ата-анам тек қана қазақ болсын дейтін, қазір мұсылман болса жеткілікті дейді. Сондықтан шетелдік азаматқа тұрмысқа шығу мүмкіндігі болса, «жоқ» демейтін шығармын», – деді Нұршат.

Ал Ақгүл есімді қыз болса, қатарлықтарға тұрмысқа шыққан қазақ қыздарының бар екенін алға тартты.

«Қыздарға айтатыным, Қатарға келіңіздер. Күйеу іздеп жүрсеңіздер бір әйелге төрт еркектер. Шейхқа тұрмысқа шығуға бола ма деп сұрайды. Әрине бәрі мүмкін. Тағдыр ғой, кім біледі. Қатарға тұрмысқа шыққан қыздар көп», – деді Ақгүл.

Бұдан бөлек, ол ол жақтағы жалақы, еңбектің бағалануы туралы әңгіме өрбітті.

«Бұл жерде жалақы жақсы. Ұшақ билеттерін, тамақтануыңызды қамтамассыз етіп береді, жататын жеріңіз бар. Бұл жаққа жұмыс келетін болсаңыз, өзіңізді сатуыңыз керек. Сондықтан бастапқыда жалақыны көп сұрау керек. Алайда қанша жылға келісім шартқа отырсаңыз, сонша жыл жұмыс істеуге міндеттісіз. Жалақылар 500 мың теңгеден басталады. Ал пилоттар тіпті 5 млн теңгеге дейін жалақы алады», – деді Қатарда жүрген қазақ қызы.