Ол парақшасына өзін қоғам қайраткері деп таныстырған.
Әлеуметтік желіде өзін емші деп таныстырған Балтабай Омарбек науқастарды «онлайн» емдеп жүр. Ол өзіне хабарласқан адамдармен видео арқылы сөйлесіп, дем салып, дереу сауықтырып жіберетінін айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Сондай бір бейнежазбалардың бірінде әйел «арқам шаншып, жүрегім тарсылдап соғып тұр» деп шағымданған. Оған емші «жүрегіңе алақаныңды қой, ешкімге алаңдамай, ашуланбай, жай ғана маған қарап отыр» дейді де, «сүф, сүф» деп екі-үш рет қайталайды. Осылайша науқасты таңғажайып тәсілмен жазып жібереді.
Балтабай Омарбек танымал әлеуметтік желілердің көпшілігіне тіркеліп, парақшасын белсенді жүргізеді. Өзіне хабарласқан кісілердің видеоларын сақтап, желіге шығарып отырады екен. Сансыз бейнематериалға қарап-ақ онлайн емшіге сенетін жұрттың қарасы көп екенін көруге болады.
Ол парақшасына өзін қоғам қайраткері деп таныстырған. Емші онлайн да офлайн да адам қабылдап, емдей береді екен. Өзі туралы шағын деректі фильм түсіріп, кадр сыртындағы дауысқа «Балтабай Омарбек - Қазақстандағы №1 емші» деп айтқызған.