Аурудың белгілеріне бас ауруы, жоғары температура, арқадағы ауырсыну, іш өту, қан құсу, әлсіздік және ауру асқынған жағдайда қан кету кіреді.
Марбург вирусының тудырған ауруының таралуынан Танзанияда сегіз адам көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдің солтүстігіндегі Кагер аймағының екі ауданында Эболаға ұқсас вирустың таралуы туралы ескерту жасады. Бұл індеттен қазір сегіз адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Танзания мен оның көрші елдеріне қауіп төнгені айтылуда, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Аурудың белгілері: бас ауруы, жоғары температура, арқадағы ауырсыну, іш өту, қан құсу, әлсіздік және ауру асқынған жағдайда қан кету.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы MVD індетінің таралуы туралы мәлімдеме жасады. Бұл аурудың географиялық ауқымының кеңеюіне нұсқайды. Ауруды анықтау және науқастарды оқшаулау бойынша уақытылы шаралар алынбаған, бұл індеттің таралуына қатысты толық ақпараттың болмауына әкелді. Індет әлі де өршуі мүмкін деп болжануда.
Марбург вирусы әдетте 24%-дан 88%-ға дейін өлім-жітімге себеп болады. Індет вирусқа тест тапсырып, 42 күн өткен соң жойылуы ықтимал.