$ 530.12  546.08  5.17

«Жылағым келіп отыр»: Қырғыз әншісі Кенесары хан үшін қазақтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Шабдан батыр мен Орман хан Ресейдің күшін сезініп, «Егер біз қарсы шықсақ, бәріміз де қиындыққа тап боламыз» деп ойлады.

Қырғызстанның танымал әншісі Қайрат Примбердиев Қазақ халқынан Кенесары ханның басын алу оқиғасы үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің Орман хан Кенесары ханның басын алуына мәжбүр болды. Өз атымнан қазақ халқынан осы жағдай үшін кешірім сұраймын. Мен қазір жылағым келіп отыр. Кенесары хан екі халықтың бірігуін мақсат етіп, Ресей империясына қарсы күресуге тырысты. Шабдан батыр мен Орман хан Ресейдің күшін сезініп, «Егер біз қарсы шықсақ, бәріміз де қиындыққа тап боламыз» деп ойлады. Қырғыздар да, қазақтар да осындай жағдайда болды. Тіпті қазақ сұлтандары да Ресейге қарсы шығуға қарсылық білдірді», — деді әнші «Airan» Youtube арнасына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 11

Серіктес жаңалықтары