$ 530.12  546.08  5.17

«100 келіден астам заңсыз жүк анықталған»: Пойыз жолсерігі мен бастығы бақылаушыны соққыға жыққан (ВИДЕО)

Көліктегі полиция басқармасы да ақпаратты растады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ бақылаушылары пойыздан 100 келіден астам рәсімделмеген жүк анықтаған. Осы үшін жолсерік пен пойыз бастығы тексерушіні соққыға жыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚТЖ пойыз бригадасын басқару жөніндегі бас менеджерлер Тараз – Шымкент учаскесінде "Маңғыстау – Алматы" бағытында жүретін № 77 жолаушылар пойызына тексеру жүргізген.

“Жолаушылар пойызы бастығының қатысуымен тексеру жүргізілді. Тексеру барысында Түрксіб станциясынан Шымкент станциясына дейін № 8/15892 вагонында жалпы салмағы 108 келі болатын тіркелмеген багаж тасымалданғаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Жүкті заңсыз тасымалдау фактілерінің анықталуына байланысты бақылаушы, жолсерік және оның басшысы арасында жанжал туындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары