Исламханның жұбайы Еркежан Исламхан апат болған күнді еске алды.
Қазақстандық танымал футболшы Бауыржан Исламханның жанұясы жол апатына ұшырап, аман қалған. Бұл туралы футболшының жары әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Апат осыдан бір ай бұрын желтоқсанда Тараз-Шымкент тасжолында болған.
"16.01.2025. Өмірге деген көзқарасымды өзгерткен оқиғадан кейін міне бір ай. Бөліссем бе екен, бөліспесем бе екен деп ұзақ ойландым. Бәрі мені қайда жоғалып кетті деп сұрап жатыр. Көбіне демалуға бір жаққа кеткенде немесе өмірімде бәрі ғажап сәттерге толғанда осылай желіге ештеңе жүктемей кететінмін. Бірақ бұл жолы емес", - деп жазды футболшының жары.
Ол бір ай бұрын отбасының түгел жол апатына ұшырап, аман қалғанын айтты.
"Желтоқсанның 16-сына қараған түні біз отбасымызбен түгел жол апатына ұшырадық. Бірақ бір ғажайыптың арқасында бәріміз аман қалдық. Бұл бір Жаратқанның қалауы, соның ғажайыбы. Отбасымызға көз тиді ме, сөз тиді ме білмеймін. Дегенмен бір өлім аузынан аман қалдық. Мұны да бір сынақ деп қабылдадым", - деп жазды ол.