$ 530.12  546.08  5.17

Ақтөбеде бір отбасын кепілде ұстады деген күдікті екі айға қамауға алынды

Бұл туралы Ақтөбе облыстық соты мәлім етті.

Фото: instagram.com/aktobe_live/
Фото: instagram.com/aktobe_live/

Бірнеше күн бұрын ақтөбелік әйелді және оның ата-анасын кепілде ұстады деген күдікті ер адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетсек, 13 қаңтардан 14-іне қараған түні әлеуметтік желіде белгісіз біреу Ақтөбедегі үйлердің біріне кіріп, әйелді кепілге алғаны туралы ақпарат пайда болды.

Кейін полиция өкілдері бұл ақпаратты растап, 13 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында жедел басқару орталығына адамдарды кепілге алу фактісі бойынша хабарлама түскенін мәлімдеді. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылған. Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталған.

Кейін кепілде болған адамдардың бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болғаны белгілі болды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті "Адам өлтіру" және "Адамды кепілге алу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары