Шариғатта «қатын шығып ақыл айтсын» деген нәрсе жоқ.
Әлеуметтік желіде Сабыржан есімді асаба жігіт хиджаб киіп алып, жыныстық қатынас туралы әңгіме айтып отыратын қыз-келіншектерді сөз етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, орамал тағып алып мұндай тақырыпта әңгіме айту – әбестік.
«ТикТок пен Инстаграмға кіріп қалсаң, секс туралы үйретіп, ақыл айтып отыратын хиджабтағы қыздар — ең қауіпті қыздар. Шариғатта «қатын шығып ақыл айтсын» деген нәрсе жоқ. Мықты болсаң, сіңліңе айт, қызыңа айт. Егер коучтар «Күйеуіңе бағынба, ата-енеңе қызмет қылма» деп жатса, олар Құдаймен «прямой» соғысып жатқандар. Ал тарихта Алламен соғысқан қауым жер бетінен жоқ боп кеткен», - деді ол желіде тараған видеода.