$ 529.99  546.63  5.21

Шымкентте сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Ерекше оқиға туралы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді. 

Фото: Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы
Фото: Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

Шымкентте әскерге шақырылған сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпаратт порталы.

Ерекше оқиға туралы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді. 

18 қаңтарда ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланына қарасты 6506 әскери бөлімінің 400-ге жуық жас сарбазы әскери ант қабылдады. 

Рәсімнен кейін көпшілік алдында Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Руслан Андреев сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Салтанатты шараға жиналған мыңға жуық адам романтикалық оқиғаның куәсі болды.

Салтанатты шараға Русланның ата-анасы да келген, олар ұлдарының ниеті туралы алдын ала білгендерін және шешімін қолдайтындарын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары