Мәліметке сенсек, Хокума Әлиеваның отбасы алаяқтыққа тап болған.
Әзербайжандық банк Ақтау маңында AZAL ұшағының апатынан қаза тапқан Әзербайжанның ұлттық батыры Хокума Әлиеваның әкесі алаяқтарға алданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәліметке сенсек, Хокума Әлиеваның отбасы алаяқтыққа тап болған.
"Отбасына төленген сақтандыру сомасы мен өтемақыдан 80 507 манат ұрланған. Осы дерек бойынша ІІМ киберқылмыспен күрес жөніндегі бас басқарма, банк дереу тергеуді бастап, қажет шараларды қабылдады. Қаражат аударылған шот дереу бұғатталып, ұрланған соманы пайдалануға жол берілмеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде қаражат қайтарылды", - деп жазылған мәліметте.