19.01.2025, 10:30

Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін

Фото: airlift.ua

Бұл бұйрық жобасы “Ашық НҚА” порталында 31 қаңтарға дейін талқылау үшін қолжетімді.

Қазақстанда әуежайларда шекаралық бақылаудан өту рәсімін жеңілдету және ыңғайлы ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құжатқа сәйкес, жолаушылардың шекаралық бақылаудан өту процесі жеңіл және жылдам болуы үшін мынадай шаралар қарастырылған:

• Шекара қызметімен келісілген әуежай стандарты енгізіліп, жолаушылардың ұшу/келу рәсімдеріне кететін уақыт реттелуі тиіс.

• Бақылаудан өту алдында жолаушыларға рәсімдер туралы қолжетімді ақпарат берілуі қажет.

• Паспорттық бақылау кезінде жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығы шекара қызметімен келісіліп, оның орындалуы қадағаланады.

• Жолаушылар саны жылына 1 миллионнан асатын әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілуі шарт.

Сондай-ақ құжатта шекаралық бақылау қызметкерлерінің сыпайылығы мен ашықтығы қамтамасыз етілуі қажет екені атап өтілген.

Бұл бұйрық жобасы “Ашық НҚА” порталында 31 қаңтарға дейін талқылау үшін қолжетімді.