$ 529.99  546.63  5.21

Астанада жігіт туыстарын пышақтады: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Күдіктінің 60 жастағы тәтесі кеуде қуысынан жарақат алған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Астанада туысқанының пышақ шабуылынан зардап шеккендер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада туыстарын пышақтады деп күдікке ілінген 21 жастағы жігіт ұсталды. Шабуыл салдарынан оның 28 жастағы нағашы ағасы мерт болып, үш туысы ауруханаға жеткізілді.

"1964 жылғы әйелдің денесінің әр жерінде бірнеше рет пышақ жарақаттары, сол жақ қабырғасының сынғаны анықталды. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", – деп хабарлады Астана денсаулық сақтау басқармасы.

Шабуылшының тағы бір нағашы әпкесі де түрлі жарақаттар алған.

"50 жастағы әйел де түрлі пышақ жарақаттарын алып, денесі көгерген, бас сүйек-ми жарақаты, оң жақ қабырғасы сынып, емханаға жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты", – деп хабарлады ведомстводан.

Ал 18 жастағы нағашы қарындасы хирургия бөліміне жатқызылды. Оның жалпы жағдайы орташа және тұрақты.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары