Қайғылы хабарды Павлодардағы VITA іздеу тобының еріктілері растады.
Бес жыл бойы іріңді жаралар мен ауырсынудан зардап шеккен Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны Владимир Васильев өзінің нақты диагнозын біле алмай өмірден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайғылы хабарды Павлодардағы VITA іздеу тобының еріктілері растады.
"Өздеріңізбен бірге көмектесіп жүрген адамдардың қазасы туралы хабарды есту өте өкінішті. Көмек сұрап, пиодермиядан тірідей іріп-шіріп кеткен 26 жастағы жігітке көмектесе алмаған медицинаның деңгейі де қорқытады", - деді павлодарлық еріктілер. парақшасында жазды.
Соңғы күндері төсек тартып жатқан науқас жігітке әлеуметтік қызметкер мен ағасы бірге қараған.
"Алдыңғы жұмада ол қатты ауырды. Алайда қатты ауырсынудың салдарынан оны тасымалдау мүмкін болмады, оның өзі де бұған шыдай алмаймын деп қорықты. Ауырсынуды басатын дәрілер де оған көмектеспеді. 20 қаңтарда ол ауруханаға жатқызылуы керек еді, бірақ, өкінішке қарай, Владимир қайтыс болды", - деді әлеуметтік қызметкер Наталья Галенко.
Еске салайық, былтыр қараша айында Владимир Васильев еріктілерден көмек сұраған. Бір тәулік ішінде қазақстандықтар жігітке 1,3 миллион теңге жинап берді. Ол несиелерін жауып, ал қалған ақшаны өзін аяққа тұрғыза алатын дәрігерлерге төлемек болған.