$ 527.58  546.15  5.29

Ақтөбе перзентханасында жаңа туған нәрестені сатып жіберген

Ақтөбе облысының полициясы перзентханада жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбеде перзентханалардың бірінде бала сату дерегі тіркелген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

“Ақтөбе облысының полициясы перзентханада жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайларды және қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда”, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары