Кенші 2006 жылы кеніш іске қосылған кезден бері осында еңбек етіп келеді.
Жезқазғандық кенші Ақбейсен Қайырбеков жер астына киіз үй тікті, деп Skifnews.kz ақпарат порталы 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзі істейтін шахтада 650 метр тереңдікте орналасқан қазақы үй ауыр еңбекте жүрген жұмысшылардың бір мезгіл бас қосып, шәй ішетін сүйікті орнына айналған.
Ақбейсен Қайырбеков киіз үйді кейін өндіріс тарихы мен еңбек озаттары жайлы сыр шертетін шағын музейге айналдыруды жоспарлап отыр. Жезқазғаннан 200 шақырым қашықта орналасқан «Жомарт» шахтасында 1 мыңға тарта кенші вахталық әдіспен жұмыс істейді.
Кенші 2006 жылы кеніш іске қосылған кезден бері осында еңбек етіп келеді.
“Жер астына киіз үй тігу идеясы отбасынан жырақта жүрген еңбеккерлердің өздерін бір сәт үйінде жүргендей сезінсін деген ойдан туған”, - дейді ол.