20.01.2025, 22:30

Ақтауда құлаған ұшақ: Ресейде, Қазақстанда және Әзербайжанда қылмыстық іс қозғалды

Фото: ТЖМ

Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тиісті органдары дәлелдемелерді жинады, кейіннен оларға қылмыскерлерді анықтау үшін бірлесіп талдау жасалады.

Әзербайжанның бас прокуроры Камран Әлиев Ақтау маңында Әзербайжан әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына қатысты Қазақстан мен Ресейдің тиісті құрылымдары — прокуратура және құқық қорғау органдарымен бірлесіп тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Trend.az мәлім етті.

— Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатқа ұшырауын тергеуге байланысты барлық мүдделі мемлекеттік органдар жұмылдырылып, өз міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды орындап жатыр. Әуе апатына қатысты үш елде қылмыстық іс қозғалды: Ресей, Қазақстан және Әзербайжан. Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тиісті органдары дәлелдемелерді жинады, кейіннен оларға қылмыскерлерді анықтау үшін бірлесіп талдау жасалады. Қазіргі уақытта Ресейдің Тергеу комитеті мен Бас прокуратурасы бұл бағытта тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, — деді Камран Әлиев.