$ 520.91  544.25  5.29

Павлодарда жол апатынан екі адам қаза тапты

Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жылдамдықты сақтауды ескертіп, көлік құралын мұқият басқаруды, әсіресе адамдар көп жүретін жерлерде және көлік көп жүретін аймақтарда сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Фото: freepik
Фото: freepik

Павлодар-Қызылорда автожолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты. Апат нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«20 қаңтарда «Павлодар-Қызылорда» автожолының 1233 шақырымында Hyundai Accent мен Камаз көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде Hyundai Accent жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жылдамдықты сақтауды ескертіп, көлік құралын мұқият басқаруды, әсіресе адамдар көп жүретін жерлерде және көлік көп жүретін аймақтарда сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары