Қатарлас достарының айтуынша, кейінгі уақытта оқушының көңіл күйі болмапты.
Алматыда үйінің жанында 9-сынып оқушысы өлі табылды. Туыстарының айтуынша, оның қасында өзі жазған хаты жатқан, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ол жақындарынан кешірім сұраған. Қатарлас достарының айтуынша, кейінгі уақытта оқушының көңіл күйі болмапты. Ол қаланың жоғарғы жағындағы ауданда әкесімен және әжесімен бірге тұрған көрінеді.
"Оны соңғы рет өткен жұмада көргенмін. Көңіл күйі болмаған, жабырқау болды. Негізі жақсы жігіт еді. Ашық-жарқын. Бір жылдан бері таныспыз. Осында әкесімен, әжесімен тұратын. Өлерінің алдында хат жазып кетіпті, кешірім сұрап", - дейді достарының бірі.
Еске салайық, бұған дейін алматылық оқушы үйінің жанында асылып қалғанын жаздық. Алматы полициясы да бұл ақпаратты растады.