21.01.2025, 15:20

«Бос уақытымда ойнаймын»: Бектенов GTA-ға ұқсас отандық ойынды қолдауға шақырды

Фото: Үкімет

Премьер-министр ойынды жүктеп алып, бос уақытында ойнайтынын айтты.

Премьер-министр Олжас Бектенов әріптестерін бос уақытында IT-мамандар ойлап тапқан отандық ойынды ойнауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгін Үкімет отырысында IT саласының мамандары GTA-ға ұқсас отандық ойынды таныстырды. 

Стартапшының айтуынша, ойын AppStore және Google Play-ден жүктеп алуға қолжетімді.

Премьер-министр ойынды жүктеп алып, бос уақытында ойнайтынын айтты.

«Жүктеп аламын, бос уақытымда ойнап көремін. Егер ойын ойнасақ, отандық ойынды таңдайық. Мен барлығын осыған үндеймін. Білемін, біздің жас әріптестеріміз де ойнайды», - деді ол.