$ 520.91  544.25  5.29

Павлодарда 2 жасар қызды өгей әкесі ұрып, бұғанасын сындырған

Оқиға болған кезде анасы жұмыста болған.

Фото: canva
Фото: canva

Павлодарда 2 жастағы қыз баланы ұрып, қос бірдей бұғанасын сындырған өгей әке ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға болған кезде анасы жұмыста болған. Ол мертіккен баланы ауруханаға өзі әкелген.

Бастапқыда қызым кереуеттен құлады деген. Бірақ келесі күні тағы келіп, ұрғанын мойындаған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары