Оқиға болған кезде анасы жұмыста болған.
Павлодарда 2 жастағы қыз баланы ұрып, қос бірдей бұғанасын сындырған өгей әке ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға болған кезде анасы жұмыста болған. Ол мертіккен баланы ауруханаға өзі әкелген.
Бастапқыда қызым кереуеттен құлады деген. Бірақ келесі күні тағы келіп, ұрғанын мойындаған.
Полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.