$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ-қырғыз шекарасында атыс болды

Қарасай шекара отрядының қызметкерлері шекара сызығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы аумағында үш атты адамның жүргенін көрген. Мемлекеттік шекара тәртібін бұзғандарға бағытталып тоқтау туралы бұйрық берілгенде олар тұра қашып, жасырынған жерлерінде тұрып, шекарашыларға қарсы бес рет оқ атқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, сол уақытта қазақстандық шекарашылар бір рет ескерту оғын жоғарыға атса, ал қалған екі оқты мемлекеттік шекара тәртібін бұзғандарға қарсы бағыттап атқан. Атыс кезінде зардап шеккендер болған жоқ.

Ұсталғандардың екеуі Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталса, шекара тәртібін бұзған үшінші адам көрші елдің аумағына өтіп үлгерген. Белгілі болғанындай, ұсталғандардың екеуі де мал шаруашылығымен айналысады екен. Түсініктеме беру барысында олар қазақ елі аумағында емдік қасиеті бар шөптерді жинаумен айналысқан айтқан. Ұсталғандардың жеке заттарын тінту барысында олар өздерімен бірге қысқакалибрлі мылтық пен оған қажетті құралдарды алып жүрген.

Осы іске байланысты құқық қорғау органдары құлақтандырылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары