$ 527.58  546.15  5.29

«Сақ болыңыздар!»: Ішкі істер министрлігі жолаушыларға маңызды ескерту жасады

Министрлік азаматтарды сапарға шығудан бас тартуға шақырды.

Фото: canva
Фото: canva

ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

– Құрметті азаматтар! Жол қозғалысының қатысушылары! Ауа райының нашарлауына, боран мен қарға, көктайғақ пен көрінудің төмендеуіне байланысты қазіргі уақытта 15 облыстың 43 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-ында шектеулер енгізілген, – деп атап өтті ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Сондай-ақ ІІМ азаматтарды сапарға шығудан бас тартуға шақырды.

– Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елді мекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Қозғалысқа шектеу енгізілген нақты жол учаскелері туралы "ҚазАвтоЖолдың" ресми Telegram-арнасында, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар. Жолда сақ болыңыздар! – деді ведомство өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары