$ 527.58  546.15  5.29

Маңғыстау облысы әкімдігінің чатында есірткі жарнамаланған (ВИДЕО)

Ақтаулықтардың айтуынша, бұл чат өңір тұрғындарының мәселелерін шешу үшін ашылған, ал есірткі жарнамалауға жол берілмеуі керек еді.

Желіде Маңғыстау облысы әкімдігінің чатында есірткі жарналаманғаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram-каналынан бірнеше рет есірткінің жарнамасы шыққанын көрген.

Ақтаулықтардың айтуынша, бұл чат өңір тұрғындарының мәселелерін шешу үшін ашылған, ал есірткі жарнамалауға жол берілмеуі керек еді.

«Бұл чатта облыс пен қаланың барлық басшылары отырады, соның ішінде полиция департаменті  мен прокуратураның жетекшілері де бар. Соған қарамасан көпе-көрнеу есірткі жарнамаланады», – дейді наразы тұрғындар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары