Республика бойынша боран, көктайғақ, тұман болып, екпінді жел соғады деп күтіледі.
Елімізге арктикалық суықтың түсуі жалғасуда, алдағы үш күнде республика бойынша температураның одан әрі төмендеуі күтіліп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
23-24 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қар жауады. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ауа-райы болады.
Еліміздің солтүстік жартысындағы ауа температурасы түнде 20-30 градус аяз, жекелеген аудандарда қатты аяз –35 градус болады деп болжанып отыр.
Күндіз 13-20 градус аяз, елдің орталығы мен шығысында 20-35, жекелеген өңірлерде – 40 градус қатты аяз, оңтүстікте түнде 15-25 градус, жекелеген аудандарда 28 градус қатты аяз, күндіз 5-15 градус аяз болуы ықтимал.