Зардап шеккендер бар.
Қарағанды облысында жаппай жол апаты болды. Тасжолда бір мезетте 19 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
23 қаңтарда сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург – Алматы автожолының қайта құру учаскесінде (Қарағанды – Балқаш, 1492-1855-шақырым) Балқаштан Қарағанды бағытында көлік қозғалысы ашылды.
Мұндай шешім ауа райының жақсаруына және көліктердің кептелісіне байланысты қабылданған.
Қозғалысты Қарағанды облысының әкімшілік полиция басқармасы мен "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері ұйымдастырды.