$ 522.42  543.89  5.28

Қазақстандық сумошы Жапония тарихын жаңартты

Қазақстаннан шыққан Ерсін Балтағұл қаңтар айындағы басёның басты кейіпкері болды.

Фото: Японская Ассоцияция сумо
Фото: Японская Ассоцияция сумо

Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл Жапониядағы Император кубогінда алғаш рет көшбасшы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 “Дядя Ваня” телеграм арнасының жазуынша, Токиодағы “Кокугикан” сумо сарайында Жапония елінің элиталық дивизионында өтетін ең беделді ұлттық күрес турнирлерінің бірі аяқталуға жақын. Дәл осы бәсекеде ешкім күтпеген нәтиже тіркелуде. Қазақстаннан шыққан Ерсін Балтағұл қаңтар айындағы басёның басты кейіпкері болды. Балуан Күншығыс елінде Кимбодзан Хируки лақап атымен танымал.

Қазіргі таңда 9 айналым қорытындысы бойынша Балтағұл турнирлік кестенің көш басында. Кимбодзан Хируки – қаңтар айындағы басёда бірде-бір рет жеңілмеген жалғыз балуан. Ерсіннен кейін рейтингте моңғол сумошысы Тиесема, үшінші және төртінші орынға жапондық Охо мен Такэруфудзи орналасқан. Император турнирі 26 қаңтарда аяқталады. Жарыс соңына дейін балуандар тағы 5 жекпе-жек өткізеді. 

Кимбодзан Хируки – элиталық дивизионға қосылған алғашқы қазақстандық сумошы. Ерсін Алматы облысында дүниеге келген. Сумоға дейін ол дзюдо спортымен айналысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары