Барлық азаматтың құқығы бірдей және заңмен қорғалады.
Таиландта біржынысты некені заңдастыру туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Таиланд королі Маха Важиралонгкорн қыркүйек айында парламент мақұлдаған біржынысты некені заңдастыру туралы заңға қол қойды. Бұл заңда некені ер мен әйелдің одағы деп емес, екі адамның арасындағы қарым-қатынас ретінде анықтаған.
«Сіз қай жыныстың өкілі болсаңыз да, кімді сүйсеңіз де, махаббат шекараны білмейді. Барлық азаматтың құқығы бірдей және заңмен қорғалады», – деді елдің премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чиннава.
Заңға сәйкес, азаматтық кодексте «ер» және «әйел» терминдері «бірінші жақ» және «екінші жақ» деп өзгертілген. Бұл өзгерістер некенің құрылымы, оның бұзылуы, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қатысты құқықтарын реттейтін баптарда да ескерілген.