23.01.2025, 18:00

«17 жасқа толды»: Ұшақ апатынанан аман қалған жолаушы туған күнін ауруханада өткізді

Фото: Yeni Klinika

Салихат - ауыр ұшақ апатынан аман қалған қызымыз.

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған Зағатала ауданының тұрғыны Салихат Джейерова 17 жасқа толған туған күнін өзі емделіп жатқан ауруханада атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Yeni Klinika баспасөз хатшысы Нурида Аллаярова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазды Orda.kz.

«Біз апаттан аман қалғандар мен жарақаттарына қарамастан аман қалғандардың қуанышына ортақпыз. Салихат - ауыр ұшақ апатынан аман қалған қызымыз. Бүгін ол Йени клиникада 17 жасқа толып жатыр, емі жалғасады. Түнде жылап, таңертең жиналып, туған күнін атап өттік», - деді Н.Аллаярова.

Еске салар болсақ, 2024 жылы 25 желтоқсанда Баку-Грозный Әзірбайжан әуе жолдарының AZAL Embraer 190 жолаушылар ұшағы Қазақстанның Ақтау қаласында апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты, оның ішінде екі ұшқышты қосқанда 3 экипаж мүшесі бар.