Қылмыстық іс қозғалды.
Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 20 қаңтарда болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Атырау қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында екі жұмысшы 5-қабаттан құлағаны анықталды. Оқыс оқиға орнында 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттың салдарынан мерт болды. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды.