Ол – Қарағанды облысы, Шет ауданының тумасы.
Евгений Янке Қазақстанда тұратын неміс баласы. Ол өзінің орыс тілінде сөйлей алмайтынын, қазақшаға судай екенін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Евгений өзінің басынан өткен қызық оқиғасын баяндап берді. Сөзінше, үлкен кісілерге қуаныш сыйлағаннан ләззат алады екен.
"Бірде үлкен кісі көлігіме отырғанда ападан жолақысын алған жоқпын. 5-6 минуттық жол болса да жылулық сыйлағым келді. Үлкен кісілер көңілденіп қалады, оларға күлген жарасады. Солай әңгіме-дүкен құрамын. Орысша сөйлеп жатады. Бірақ мен ол үшін кінәламаймын. Кешіріңіз, мен негізі неміспін, бірақ жаным қазақ. Сол үшін орыс тілінде онша сөйлей алмаймын, деп айтамын. Содан кейін межелі жеріне жеткен соң үлкен әже алғысын жаудырып, сен менің туғанымдай болып кетті, деп ризашылығын білдірді", - дейді Евгений.
Айта кетейік, Евгений Янке – қазақтың «сары» баласы. Ұлты – неміс. Ол – Қарағанды облысы, Шет ауданының тумасы. Жас жігіттің отбасында бәрі қазақша сөйлейді. Неміс отбасы болғанымен, барлығы мұсылманша өмір сүреді.