$ 519.28  540.05  5.31

Елімізде жаңа кәсіби мерекелер пайда болды

Бұйрық 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы бұйрығымен кәсіби мерекелер тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Тізімге мынадай жаңа кәсіби мерекелер қосылды:

Қаржы мониторингі органдары күні – 28 қаңтар.

Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні – шілденің бірінші жексенбісі.

Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйектің екінші жексенбісі.

2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.

Автокөлік қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі.

Жол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі.

Бухгалтерлік есеп және аудит қызметкерлерінің күні – 10 қараша.

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің күні 13 желтоқсан.

Сонымен қатар тамыз айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Көлік қызметкерлері күні мерекесі Теміржол көлігі қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Тізімнен шығарылған мерекелер:

Ұлттық баспасөз күні – 2 ақпан;

Радио күні – 1 қазан.

Бұйрық 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары