$ 519.28  540.05  5.31

Қазақстанда АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болады

Қазір әлеуетті вендорлармен келісімсөздер жүріп жатыр. 

Фото: firepro.ru
Фото: firepro.ru

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов АЭС құрылысына жауапты вендордың есімі қашан белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Біріншіден, бұл мәселе ұлттық жобаға енбеген. Себебі ұлттық жоба алдағы бес жылға жоспарланған. Атом стансасына біраз уақыт керек екенін өздеріңіз білесіздер. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік жұмыс жасап жатыр. Қазір әлеуетті вендорлармен келісімсөздер жүріп жатыр. Сондықтан тапсырма бойынша осы жылдың бірінші жартыжылдығында мамыр, маусым айларында осы бойныша толыққанды ақпарат беріледі», - деп жауап берді Сұңғат Есімханов.

Тілшілер тиісті мәлімет маусым айында жариялана ма деп нақтылады.

«Иә, қай вендормен жұмыс жасауды бастайтынымыз туралы ақпаратты айтамыз», - деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары