Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді.
Заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз ететін пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл қызмет ең алдымен жолаушылар арасында танымал бағыттардың бірі № ¾ «Астана-Алматы» пойызында жүзеге асырылмақ.
«Пилоттық жоба шеңберінде заманауи спутниктік технологияларды пайдаланып, пойыздарға ғаламтор қосу мүмкіндігі жоспарлануда. Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Алайда, торренттер мен файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылатын болады. Жобаның техникалық қолдауын Қазақстандағы OneWeb-тің ресми серіктесі Jusan Mobile жүзеге асырады», — делінген ұлттық тасымалдаушы компанияның хабарламасында.