Имамның жасы да, басы да сол статусқа лайық болу керек.
Қоғам белсендісі әрі танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы «имам» деген статус туралы әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
«Көрінген тупойға «имам» деген статусты бергенді қойыңыздар, ҚМД! Имамның жасы да, басы да сол статусқа лайық болу керек. Асыл дінді осындай лас «имамсымақтар» мен дүмше молдалар ластап бітіргенін қалай көрмей жүрсіздер?», — деп жазды журналист әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар ол «Баласы жоқтарға салық салынуы мүмкін» деген жаңалыққа қатысты пікір білдірді.
«Баласы жоқтарға салық» деп тупойский салық енгізгенше, баяғыдай «25 жастан бойдақ салық» десеңдерші! Сәл де болса пайдалы, ақылға сыйымды ғой», - деп жазды журналист.