"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Скандинавия аумағынан жылжып жеткен антициклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, аязды күндерді алып келеді, алайды ауа райы, негізінен жауын-шашынсыз болады.
Қазақстандық синоптиктер сенбіде, 2025 жылғы 25 қаңтарда ел өңірлері тұрғындарын ауа райына қатысты қандай тосынсыйлар күтіп тұрғанын болжап, айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Скандинавия аумағынан жылжып жеткен антициклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, аязды күндерді алып келеді, алайды ауа райы, негізінен жауын-шашынсыз болады.
"Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпін алады, оңтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде жаяу бұрқасын жүреді, республикамыздың оңтүстік-батысында көктайғақ болады деп күтіледі", делінген болжамда.